«Бас бапкер Станислав Черчесов қазақ тілін кемсітті» – Министрлік футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті

0

ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысының сөзіне байланысты Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме талап етті.

Әлеуметтік желілерде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың қазақ тілін қорлайтын сөздер айтқан видеосы белсенді талқылануда. Бұл кең қоғамдық резонанс тудырды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Жедел әрекет етіп, Қазақстан футбол федерациясына ресми сауал жолдады. Өтініште Конституцияға және «тілдер туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік тілдің ерекше орын алатындығы және барлық азаматтар оған құрмет көрсетуге міндетті екендігі баса айтылған.

Министрлік оқиға бойынша ресми түсініктеме талап етіп, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысымен мемлекеттік тілге құрмет көрсету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.