«Барыстың» канадалық ойыншысы қазақтың қымызын жиіркенішті деп атады — новости Казахстана
Астаналық «Барыстың» канадалық хокейшісі Кертис Волк Қазақстан мен АҚШ-тың мәдениетіндегі ерекшеліктерді айтып берген. Ол қазақтың қымызын жиіркенішті деп атаған деп хабарлайды Sport24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бұл туралы Кертис Волк Sport24-ке берген сұқбатында айтқан.
Канадалық спортшы қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татып көргенін, жақын уақытта еліміздің мәдениетімен жақынырақ танысатындығын айтты.
«АҚШ мен Канада да адамдар өте ашық. Қазақстанда өтіп бара жатқан адамдар көп күлмейді. Бірақ оларға сұрақ қойып, өтініш білдірсең, бірден көмектеседі. Менің ойымша бұл күлкіден де маңызды.
Қазақстанның тарихын аздап білемін. Ата-бабалары көшпенді болып, киіз үйде тұрғанын естідім. Бұл өте қызықты.
Мен бешбармақтың да не екенін білемін. Оның көлемі өте үлкен. Шынымды айтсам, дәмін татып көргенім жоқ, бірақ жақын уақытта жеп көруім мүмкін.
Қымыз? Білесіз бе, мен дүкеннен сүт сатып алғанмын. Оны сүт деп ойладым, бірақ жиіркенішті болып шықты. Ха-ха. Мүмкін, бұл қымыз шығар», — деді Волк.
Дереккөз: kaz.nur.kz