«Барыстың» канадалық капитаны айына 48 млн. теңге жалақы алады

0

Астаналық «Барыстың» капитаны Даррен Диц жылына 100 миллион рубль (579 миллион теңге)  жалақы алады. Бұл бүкіл ҚХЛ-дағы екінші үлкен жалақы , деп хабарлайды Sport-Express порталы.

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы 40 миллион рубль немесе одан да көп жалақы алатын үздік 95 хоккейшіні құрады. Айта кету керек, ҚХЛ-да келісімшартқа отырмаған мықты хоккейшілер әлі де көп.

Рейтинг ойыншылардың негізгі жалақысын көрсетеді, ол бонустар мен премияны қоспағанда.

Сол тізімде «Барыс» командасының тағы бір ойыншысы бар — Кертис Волк. Порталдың хабарлауынша, шабуылшы келесі маусымда 40 миллион рубль (231 миллион теңге) табады. Волктың да, Дицтің де «Барыспен» келісімшарттары 2022 жылы 30 сәуірде аяқталады.