«Барыс» және «Ақтөбе» ойыны төбелеспен аяқталды — Хоккей

0

Хоккейден қазақстандық «Жастар» лигасында «Ақтөбе» мен «Барыс» клубтары арасында өткен ойын жанжалмен аяқталды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 19 қаңтарда Ақтөбеде өтіп, 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кездесудің аяқталуына он минут қалғанда, мұз үстінде бірнеше рет төбелес шықты. 

Соның салдарынан елордалық команданың ойыншылары Владислав Комаров пен Аңсар Шайхмедденов 25 минут, ал Станислав Александров — 12 минут, Хақназар Кеңесбай — 20 минут айыппұл салды. «Ақтөбе» сапында тек Владимир Шлычковты 14 минутқа алаңнан қуды. 

Ойын аяқталғанда Ақтөбе полицейлері қауіпсіздік шарасы үшін қонақтарды қонақ үйге дейін жеткізіп салуға мәжбүр болды. «Ақтөбенің футбол фанаттары төбелес құмар екенін білуші едім, бірақ мұны хоккейде жасап не керегі бар? «Жастар» лига. Мына бассыздар балаларға шабуылдағаннан кейін оларды қонақүйге дейін жеткізіп салуға тура келді. Бірақ бұның өзі оларды тоқтата алар емес», — деді белгілі хоккей комментаторы Александр Олейник. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz