«Барыс» хоккейшісі жылына 420 миллион теңге жалақы алады

0

Ресейлік «Спорт-Экспресс» басылымы Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) ең көп жалақы алатын ойыншылардың рейтингін жариялады. Спортшылардың арасында «Барыс» капитаны Даррен Диц болды.

Басылымның жазуынша қазақстандық клубтың ойыншысы жылына 420,5 миллион теңге табыс табады. Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары жалақы төленетін ойыншылар тізімін Мәскеудің «Динамосы» шабуылшысы Вадим Шипачев бастап тұр, ол жылына 120 миллион рубль (672,9 миллион теңге) алады.

27 жастағы Даррен Диц — Қазақстанда ойнайтын канадалық хоккейші, «Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы.