«Барменді балағаттаған»: Желіде Қуандық Бишімбаев түсірілген видео қызу талқыға түсуде (видео)

0

Желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мекемелердің бірінде барменді балағаттап, қорқытқаны туралы видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрлардан Бишімбаевтың барменге сөзбен тиісіп, балағаттап жатқанын байқауға болады.

«Ешқашан әңгімеге араласпа. Сен кімсің? Жәй ғана барменсің. Маған виски құйып бер…», – дейді ол.

Желіде қолданушылар өз пікірлерін білдіруде. Олар адамдармен осындай қарым-қатынас жасайтын адам қалай билікке келді деп наразылықтарын білдіріп жатыр.

Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотынан журналистерге орын беру шараларын қабылдап жатқанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.

Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді.

Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды.