Барлық жағдай жасалған | «Айқын» газеті

0

БҚО Зеленов ауданы Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы өткен ғасырдың орта тұсынан бері жұмыс істеп келеді. Ерекше күтімдегі балалар тәрбиеленіп, ем-дом шаралары жасалатын мекемеде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.

Жаңа жыл қарсаңында «Нұр Отан» пар­тиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшілері арнаулы меке­меге арнайы барып, балаларға демеуші­лердің қолдауымен дайындалған сый­лық­тарды табыс етті.
Бұл орталықта 59 бала ем-дом қабыл­дап тәрбиеленуде. Оның 29-ы тек жататын балалар болса, қалғаны жүріп-тұра ала­тындар санатында. Мекемедегі тәрбие­ленушілерге 184 дәрігер мен оқытушы және әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Арнаулы орталықта қосымша үйірмелер мен спорттық залдар қажетті жабдық­тармен толық қамтылған.
6-сынып оқушысы Данияр Меңді­ға­зиев ән айтуды ұнатады. Түрлі байқауларға да қатысып, жүлделі оралып жүр.
– Маған ән айтқан ұнайды. Ән айтып жүргеніме алты жыл болды. Астана қала­сында, өзіміздің Орал қаласындағы сах­наларда ән айттым. Мектеп бітіргеннен кейін оқуымды жалғастырып, әнші болғым келеді, – дейді Данияр.
Орталық балаларды емдеп, тәрбие­леу­ге барлық жағдай туғызған. Осы мекемеге «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жетекшілері арнайы барып, мерекемен құттықтады. Орта­лық­тың жай-күйімен танысып, сыйлықтар табыс етті.
– Қазіргі таңда 20 партиялық жоба іске асырылып жатыр. Соның бірі – «Кедергісіз келешек» жобасы. Осы жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, соның ішінде балаларға көмек көрсетіп тұрамыз. Бүгін осы мереке қарсаңында арнайы мекемеге балаларға бір ерекше көңіл күй сыйлау үшін келіп отырмыз, – деді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қа­зақстан облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің жетекшісі Мирас Тұяқбаев.

Әбілмансұр ЖАСАН

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз