Барлық титулынан айырылған Головкиннің ықтимал қарсыластары таңдалды

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) осыған дейін алған белбеулерінен айырылды. Келесі күні ол орта салмақтағы IBO әлем чемпионы атағын ресми түрде босатты. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі Vringe.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин 12 жылдан астам уақыт бойы IBO атағына ие болды. Ол бұл белдікті 2011 жылдың 9 желтоқсанында америкалық Лахуан Саймонды жеңіп, иеленді. Бірақ 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Канело Альварестен жеңіліп, айырылып қалды. Белбеуді мексикалық иеленбеді, өйткені Канело санкция жарнасын төлеуден бас тартқан. Кейіннен Головкин 2019 жылы украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, белбеуін қайтарып алды.

Бірақ ол тағы жекпе-жектерге шығады.

«Енді GGG-ге не болатыны әлі белгісіз. Мүмкін Хайме Мунгиямен немесе кіші Крис Юбенкке қарсы матчты көретін шығармыз», – деп жазды басылымдар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Головкин WBA Super және IBF белдіктерінен бас тартқан.