Барлық авиакомпаниялар билеттердің ақшасын айыппұлсыз қайтаруы керек — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында тұрақты халықаралық рейстердің санын қысқартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әуе

Республиканың авиациялық билік орындары жолаушылардың құқықтарын қорғау жөнінде ұсыныстар жасады.

«ҚР премьер-министрінің орынбасары Е. Л. Тоғжанов басқаратын Қазақстан Республикасы ведомствоаралық комиссиясының шешімімен Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Венгрия, Чехия, Польша, Түркия, Украина, Беларусь, БАӘ және Грузия елдеріне бағыт бойынша орындалатын тұрақты рейстердің саны қысқартылды», — делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Аталған шешімге байланысты шетелдік авиакомпанияларға билеттің ақшасын толық көлемде қайтаруды ресімдеу немесе айыппұлсыз қайта брондауға тырысу ұсынылды.

«Рейстердің қысқаруына байланысты 16 наурыздан бастап күші жойылған рейстерге билеттері бар жолаушылар авиабилеттерді сатып алу орны бойынша қайтаруды рәсімдей алады», — деп мәлімдеді ААК-да.

 

 

stan.kz