Барлығы солай жасайды: Алсу «Балалар даусы» байқауында өзінің қызы үшін дауыс сатып алғандығын мойындады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейлік әнші Алсу «Балалар даусы» байқауындағы шу жайлы бірінші рет сөз қозғады. Сөзінше, ол өзінің қызы үшін дауыстарды сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

АлсуӨзінің Ксения Собчакқа берген сұқбатында танымал орындаушы байқаудағы дауыс беру жүйесіндегі кемшіліктерді тізіп салды. 

«Шоудың ережесі бойынша бір адам 20 рет дауыс бере алады. Яғни әрбір тыңдарман қанша рет дауыс бергісі келетіндігін өзі біледі. Былай қарасақ, бұл — дұрыс емес дүние. Сол себепті ұйымдастырушылардың байқау ережелерін өзгерткені жақсы болды», — депті ресейлік өнерпаз. 

Сөзінше, Алсудың қызының бірінші орынды иеленуі ғана басқаларының назарын аудартқан.

«Микелла мен басқаларының арасындағы дауыс саны сарапқа салынған кезде көптеген түсінбеушіліктер пайда болды. Десек те мен басқа да маусымдардың статистикасын қарап шықтым. Ол жерде мұндай жағдай жетерлік. Бірақ менің қызымның жеңіске жетуі бәрінің күдігін тудырды», — деп қосты әнші. 

Ақыр соңында Алсу өзінің дауыстарды әділ жолмен жинамағандығы жайлы мойындады. 

«Иә, мен дауыс сатып алдым. Бірақ Бірінші арнаның мақұлдаған дауысын ғана жинастырдым. Бәрі де солай жасады. Ол жерде тіпті аукцион болып кетті. Нагиев те бұл жайлы үнемі айтып жүретін. Мен мысалы өзім 40 SMS жібердім», — деді Алсу. 

Еске салайық, дауыстарды есептеу барысында бір шикіліктің бар екендігі анықталған. Алсудың қызы Микелланың 56 пайыз дауыс жинағаны анықталыпты. Нәтижесінде байқауды ұйымдастырушы тарап жиналған дауыстарды барлығының күшін жойыпты. 

stan.kz