«Бәріне жетеді»: Мәжіліс депутаттары қанша жалақы алатындарын айтты

0
844

Мәжіліс депутаттары 600 мың теңгеден жоғары жалақы алатындарын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Көппен көрген ұлы той» деген қазақтың жақсы бір мақалы бар. Сондай принцип болуы керек. Әйелім алады (ред. ақшаны), банк карточкасы сонда. 650, 650 мың теңге қолына алады. Ет ауылдан, туыстарымыздан келеді, сонда бір 170-200 мың теңгедей (ред. азық түлікке) кететін шығар», — деді мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

Ал тағы бір халық қалаулысы Елнұр Бейсенбаев бұрын мұндай айлық алмағанын жасырмады. Ол 600 мың теңге шамасында жалақы алады екен.

«Қазіргі айлық тиімді. 150 мың теңгедей азық түлігімізге кетеді. Өйткені көпбалалы отбасымыз. Басқасының бәріне жетеді», — деді мәжіліс депутаты.