Домой Жаңалықтар «Бәрін сосын айтамыз» – Тұрғымбаев Астана мен Алматы митингтері туралы

«Бәрін сосын айтамыз» – Тұрғымбаев Астана мен Алматы митингтері туралы

0
260

«Оның бәрін сосын айтамыз, қазір емес», дейді Ішкі істер министрі.

Астанада Үкімет қалтарыстарында журналистер ҚР жаңа Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты «ұстап қалып», сұрақтарын қойып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Тараздағы жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу қандай бап бойынша жүргізілуде?

– Өрт қауіпсіздігі техникасын бұзуға байланысты. Ол жерде үш адам қаза тапты, алты адам жараланған, олар ауруханаға жеткізілді, екеуі алғашқы көмектен кейін ауруханадан шықты.

– Митингтер болды ғой. Астана мен Алматыда ұсталған адамдар туралы айтыңызшы?

– Оның бәрін бүге-шүгесіне дейін бұқаралық ақпарат құралдарына кейін өзіміз хабарлаймыз. Қазір емес, – деген жауаппен құтылды министр.

Cәлден кейін журналистер Ішкі істер министрін тағы бір рет кездестіріп, тағы бір сұрақ қойды:

– Жаңаөзендегі жағдай туралы айтыңызшы?

– Жағдай тұрақты. Бәрі қалыпты. Ол жерде ешқандай да комменданттық сағат жоқ.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz