«Бәрін айтамын». Меруерт Түсіпбаева Аман Тасығаннан 700 мың теңге талап етті
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аман Тасығанға сұхбат беру үшін 700 мың теңге керегін айтқан. Бұл туралы Massaget.kz сайты жазды.
«Жыл сайын Аман Тасыған хабарласып, сұхбат беруімді өтінеді. Жыл сайын мен бағасын көтеремін. 700 мың төле, мен сол 700 мыңды жаңа жыл қарсаңында аурушаң балаларға беремін. Чегін саламын, солай тақырыпты жабасыз. Саған бәрін айтамын, кіммен тұрамын, неге ұрсысамын, неге жылаймын, қайда барғанымды — бәрін айтамын. Мен бір тиын да алмаймын. Демеуші ізде. Өзіңді сатып үйренгенше мен Америкаға көшіп кететін шығармын», — дейді әнші видеода.
фото: smartnews.kz