«Бәріміз дұға жасаудамыз»: Нью-Йоркте Қазақстан дипломатының 4 жасар қызын ит талап тастады – Қазақстан жаңалықтары

0

Нью-Йоркте Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызын питбуль тұқымды ит қауып алып, салдарынан ауыр жарақаттанған. Бұл ақпаратты Нью-Йорктегі Қазақстан елшілігіндегілер растады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тұрақты өкілдіктегілердің сөзінше, оқиға Ривердейл ауданында орын алған. мұнда ТМД мемлекеттерінен келген көптеген елші мен журналист тұрады.

«Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі қызметкері Сергей Виктрорвтың төрт жасар қызын питбуль тұқымды ит қауып алды. Беті мен мойны жарақаттанған. Оқиға салдарынан бала көп қан жоғалтып, жергілікті ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр», – дейді әңгімелеуші.

Оның сөзінше, оқиға кезінде қызды көршісі арашалап алған. Ол бейсбол таяғымен итті 20 шақты рет ұрыпты. Оқиға елшінің үйінің жанында орын алған. Бұл кезде қыз балабақша барғалы жатқан екен.

«Қазіргі уақытта полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Нью-Йорктің заңдық полиция департаменті оқиғаны сарлап, іс қозғау үшін қылмыс құрамы бар-жоғын шешуде. Немесе иттің иелері азаматтық жауаптылық аясында зардап шегуші тарапқа айыппұл төлейді», – дейді тұрақты өкілдіктегі дереккөз.

Ал Викторовтар отбасының танысының сөзінше, қызға ота жасалған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Бәріміз ол үшін дұға жасаудамыз, дейді ол. 

Ал Викторовтардың көршісі иттің сол көпқабатты үйде тұратын әйелге тиесілі екенін айтты. 

«Оның екі иті бар. Иттерді иесіз көшеге шығарып жебереді. Иттердің бірі сыртқа атып шығып, қызға тап берді. Екіншісі қашып кетті. Олардың аш болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын», – дейді көршісі.

Сергей мен Мария Викторовтар Нью-Йоркке  шамамен үш апта бұрын

іссапармен келген. Олардың қызы БҰҰ жанындағы РФ тұрақты өкілдігі жанындағы балабақшаға барады екен. Ал ұлы мектепте оқиды. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз