Бәрібір біздің қыз: Теннисші Рыбакинаға талас

0
Теннистен Олимпиада чемпионы, ресейлік Елена Веснина Уимблдон финалына шыққан қазақстандық Елена Рыбакинаның өнерін бағалады.

«Біз оны жіберіп алдық, бірақ бұл оның мансабы, оның таңдауы. Ол дұрыс таңдау жасады, өнер көрсетуінен де, дамуынан да, сондай-ақ жарыстарда, сол Уимблдонда ойнауға көмектесіп жатқанынан байқауға болады. Ол – өте жарқын жұлдыз. Қалай болғанда да, біз Еленаға жанкүйер боламыз, ол бәрібір біздің қыз», – деп Веснина.