«Бәрі көк ала қойдай таяқ жеген»: Белгілі заңгер елдегі қорғансыз әйелдерге араша түсті

0
2125

Әйел құқығы туралы мәселе көтерген заңгер Айгүл Орынбек елде заңның әлсіздігін айтады.

«Әйел түгілі бұл гуманды елде иттердің де құқығы қорғалатынын барынша ашып түсіндіру керекпіз!

Соңғы бір апта да он шақты әйел хабарласты. Бәрі көк ала қойдай таяқ жеген.

Көбінің ісін полиция жәй үйдегі айхай шу деп жауып қоя салған.

Тіпті біреуі күйеуімнің таяғынан бесінші этаждан секіріп құтылғым келді деп жылап отыр.

Бізде итті ұрып қорласаң заң бар құрметсіз кейбір әйел ұрғыш еркектер біліп жүріңіздер!

Әйелді ұрып соғып, көкпенбек қылып, түр әлпетін қисайтып, бұл менің әйелім деп алып жүруге ұялмайсыңдар ма?

“Сені жақсы көргеннен соң ұрамын”, деген еркектің қасынан 180 мен қашыңдар құрметті қыз- келіншектер!

Үрей мен қорқынышпен өмір сүру ол бақыт емес, ол қорлық!

Құрметті қыз келіншектер дамыған елдер де жануарлардың құқығы қорғалған.

Бізде сол дамыған елдердің қатарына кіргіміз келіп иттердің құқығын қорғай бастадық!

Өз құқықтарыңызды қорғай біліңіздер, сіздерді ешкім ұруға құқысы жоқ!

Полиция жазған арыздарыңды жауып тастап жатса, “менің Ит құрлы құқығым жоқ па?”, деп қарсы сұрақ қойыңыздар!» деп жазды заңгер.