«Бәрі батып кетті»: Мақтааралда су астында қалған ауыл тұрғындары билікке наразылығын білдірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылында құрғақ жер телімін табу мүмкін емес, айналаның бәрі су астында қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Судың биіктігі үйдің шатырына дейін жеткен. Ауыл тұрғындарының сөзінше, су жылдам ағынмен келгендіктен, малдарын қауіпсіз жерге көшіре алмаған, сондықтан үй жануарларының өліктері көп.

Сонымен қатар, адамдар «өзбек ауылдарын су басқан кезде де билік үрейленбеуге шақырып, мұнда су жетпейтінін айтты», деп шағымданды.

«Әкім айтқан: «Уайымдамаңыздар, алаңдамаңыздар, қашудың қажеті жоқ. Су бізге жетпейді».  Егер бізді ескерткен болса, бір нәрсені құтқарып үлгерер едік, қандай да бір заттарды алып кетер едік. Ал қазір қарасақ, бәрі қираған. Ауылда су 2 метр тереңдікте тұр. Барлығы батып кетті!», — деді Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Әбдіхашіл Лахаев.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, су кенеттен келген. Адмдар түнде үйлерінен тастап кеткен. Оларды эвакуациялық орталықтарға орналастырған. Әйелдер, қарттар мен балалар – мектептердге, ал ерлер көшеде қалған. Эвакуцияланған адамдардың сөзінше, биліктің олармен шаруасы жоқ, қазір тек еріктілер мен жақын маңдағы аудан тұрғындарының көмегімен өмір сүріп жатыр екен.

«Бұл жерге келгенімізге үш күн болды. Осы уақыт ішінде тіпті ауыл әкімі де келмеді, ешкім біздің қалай екенімізді, балаларымыздың жағдайын, бәрі тірі ме, немен тамақтанатынымызды сұрамады!», — деді Жеңіс ауылының тұрғыны Сәрсенбай Мырзаханов. 
 

 

 

stan.kz