Бар-жоғы 75 мың теңгелік зейнетақы аламын: Роза Рымбаева неліктен президентпен кездескісі келгендігі жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның «Еңбек Ері» атағын алған Роза Рымбаева марапатты табыстау сәтінде батылдық танытып, Қасым-Жомарт Тоқаевтің қабылдауын сұрады. Өзінің «Время» басылымының журналисіне берген сұқбатында мемлекет басшысымен болған әңгімесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Роза Рымбаеваны марапаттады

Роза Рымбаева бұған дейін Ақордаға кіріп көрмепті, сонымен қатар ол президенттің өзімен жеке қалып, ешқашан әңгімелеспепті. 

«Мен президентмен өзімінің алдағы 45 жыл сахнада өнер көрсетуіме байланысты мерейтой жайлы сөйлесуім керек болатын. Қазақстанның түкпір-түкпіріне барып, беретін концертеріме орай оның қолдауы қажет. Мен ақша қуған адам емеспін ғой, сол себепті билеттерімді таратып, хабарландырулар іліп, үлкен залдар мен аспан асты ашық алаңдарда өнер көрсетуім қиынға соғады. Ол үшін арнайы LED-экрандар, безендірулер, жақсы дыбыс пен тиісті жарық болуы керек. Егер мемлекет басшысы тарапынан арнайы бұйрық түсетін болса, жергілікті билік концерт ұйымдастыруды өз қолдарына алатыны сөзсіз», — дейді халық әртісі. 

Әншіні алаңдатқан тағы бір мәселе мәдениет саласындағы жалақы мен зейнетақының аздығы көрінеді. 

«Мен мәдениет қайраткерлерінің ішінде өзімді мысалға келтіріп отырып, сөз қзғайын дедім. 45 жыл сахнада өнер көрсетіп, еңбегімді ақтап жатқан менің өзім 75 мың теңгелік зейнетақы аламын. Сосын бұл жағдай туралы айтудан ұялдым. Тек менімен бірге жұмыс істейтін, музыкалық аспаптарда ойнайтын адамдардың жалақысының аздығын ғана айта алдым. Меніңше, президент бұған көңіл бөледі», — деп қосты Розы Рымбаева. 

Бұған қоса президентпен болған әңгімесінде әртіс өзінің жеке музыкалық орталығын ашқысы келетіндігін жеткізіпті. Әнші бұл орталықта алдағы уақытта жас өнерпаздарды тәрбиелеп, өнерге баулығысы келетіндігін айтыпты. Орталықта тәлім алатын музыканттар халықаралық байқауларда елдің абыройын асқақтатса екен дейді ол. 

 

stan.kz