«Бар тапқанымыз аяқ киімге кетеді»: Алматы тұрғындары 13 жылдан бері жолдың азабын тартып келеді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Алматыда батпаққа батқан тұрғындар қала әкімі Бауыржан Байбектен көмек сұрап отыр. Өйткені, Алатау ауданының әкімдігі 13 жылдан бері құр уәдемен тойдырып келеді екен. Алғашында жұрт өз қаржыларына жол төсепті. Бірақ шенділер құбыр жүргіземіз деп жап-жақсы тастың күл-талқанын шығарды, дейді.

"Бар тапқанымыз аяқ киімге кетеді": Алматы тұрғындары 13 жылдан бері жолдың азабын тартып келеді

Әйгерім ықшамауданының тұрғындары 13 жылдан бері жолдың азабын тартып келеді. Биыл, тіпті үйлерінен шығудан қалған. Аяқтарына резеңке етіктің де қонышы ұзынын сатып алатын болыпты. Балаларды қайдам, мұнда ересектердің өзі әрең жүреді. Көшедегі ми батпақты кешкен тұрғындардың аяғынан тәуір бәтеңке көрмейсің. Резеңке етік киіп, екінші аяқ киім қолдарынан түспейді. Бір мезгілде бірнешеуі жыртылып, базардағы саудагердің саудасын жүргізіп жатқан бізбіз, деп ашулы. Жол жөнделмесе, ең құрмаса, шенділер тегін целлофан пакет таратсын, дейді көпшілік, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы«. 

«Бір аяқ киімнің өзі 2000-3000 теңге тұрады. Кішкентай баланыкі. Бар тапқанымыз аяқ киіміне кетеді. Бала-шағамыз батпаққа бататын болды. Төрт балам менің мектепке барады. Балаларды үлкендер күзетіп мектепке жеткізеді, жастары бағананы ұстап аялдамаға әрең барады. Қарттар таяққа сүйенбесе жүре алмайтын күйде. Трактордың ғана күші жететін лай балшыққа басқа темірдің шамасы жоқ. Үйіңде өліп кетсең де, жедел-жәрдем былғамайды көлігін бұл маңға кеп», — дейді тұрғын Бекболат Сәдубаев. 

Талай шендіге айтқанымен, ешқайсы құлақ түрмеген. Сондықтан, Бауыржан Байбекке сәлем айтты жұрт. 

«Мен қартайғанда осы ма еді көретінім? Мына ХХІ ғасырда. Мынау Байбекке сәлем айт. Мынау дұрыс емес. Бұл не деген сұмдық?» — дейді тұрғын Айымхан Мұқаева.

«Бағдат Манзуров сол кісі 2018 жылы бітіреміз деген. Аумин жоқ. Ол кісінің орнына басқа келді. Батпақ кешкеніміз кешкен», -дейді тұрғындардың бірі Жеңіс Иззатбеков.

Ақжағалылардан ақжол күтіп шаршаған соң жұрт өз қаржылдарына кезінде тас төсеген. Салық төлесек те, үкіметке салмақ салмауды ойладық дейді. Алайда, орталықтандырылған құбыр орнатамыз деген мамандар екі жылдан бері екі шақырым жердің жұмысын бітіре алмай күйдірді деп отыр.

«Бұл екі жыл болды жасап жатқандарына. Жасалып бітпейді. Неше салушы ауысты, жасағандары осы. Кеше төсеп, езілген лайды алып басқа топырақ әкелді. Өзгерген ештеңе жоқ», — дейді тұрғын Қайрат Расулбеков.

Ми батпақты көруге Алатау әкімдігінің шенділері де келді. Аяғына лай жұқтырып аламын деді ме, әйтеуір тура мұрнымыздың тұсына дейін көлікпен жетті. Жылтыраған қара түфлиін көріп тұрғындар да қызғана қарауда. Бірақ, шенеунік бәріне  кәріз бен су құбырын орнатқан мердігерлер кінәлі дейді. Оған тапсырысты энергетика басқармасы беріпті. Өздері соттасып жүргенге ұқсайды. Егер қалалық әріптестері жұмысын аяқтаса, қалғанын пысықтауға әзірміз деп сендірді. 

«Су мен кәріз жүйесінің жұмысы аяқталғаннан кейін автокөлік бөліміне ұсыныс берілген. Қазіргі таңда жобалық сметасы дайын. Мәслихаттан ақша бөлінген жағдайда 2019 жылы жоспарланып отыр», — дейді Алатау ауданы әкімдігінің коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысы Әділет Тоқтасынов.

Әйгерім ықшамауданы қаланың төмен бөлігінде орналасқанымен, халқы көп. 24 мың тұрғын бар. Ауданның құрылғанына он жыл болғандықтан жол төсеуге бәріне күші де уақыттары да болмай жатыр екен. Мегаполисте тұрып жатқанынан ұялған жұртқа Алматының жоғарғы бөлігі бір күнде құрылмады деп, қысқа қайырды. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz