бар білімімді ел дамуына жұмсаймын

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Дариға Назарбаева депутатттар арасында жасырын дауыс беру жолымен сенат спикері болып сайланды

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Бүгін сенатта жасырын дауыс беру жолымен Дариға Назарбаева жоғары палатаның төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева сенат депутаттары мен қазақстандықтарға өзіне сенім білдіргені үшін ризашылығын айтты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев, әріптестер, қымбатты қазақстандықтар! Ең алдымен, шын жүрегіммен маған сенім артқаныңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Тарихи бетбұрысты сәтте мен ел өмірінде парламенттің рөлін өте жақсы түсінемін. Бар білімім мен білігімді еліміздің дамуына жұмсайтынымына сендіргім келеді. Біздің Елбасы қоғамды жаңғырту бойынша ауқымды міндеттер қойды», — деді Назарбаева сенат спикері болып сайланғаннан кейін.

Айта кетсек, Дариға Назарбаева депутатттар арасында жасырын дауыс беру жолымен сенат спикері болып сайланды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Президент міндетін атқарушы Тоқаев қандай саясат жүргізеді?

Назарбаева бұған дейін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған еді.

Ал сенаттың бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына ант беріп, Қазақстан президенті болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы не білеміз — фотодеректер



sputniknews.kz