Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдемесі желіде жарияланды – видео
Қысқа сілтеме алу
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Алматы – 2050 стратегиясы жобасын әзірлеуге қатысуға шақырды
АЛМАТЫ, 21 қараша — Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына Алматы – 2050 стратегиясы жобасын әзірлеуге қатысуға шақырды.
Құжаттың нақты нұсқасы желтоқсан айында қалалық урбанистік форумда жарияланады.
«Құрметті достар! Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынбақпын. Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram аккаунтында.
Құжат 60 беттен тұрады. Алматы мен қала тұрғындарының күнделікті мәселелері қамтылады.
Мәселен, қала орталығы мен шетіндегі өмір деңгейі өте алшақ. Қалалық қоғамдық көлік жүйесі дамымаған, экология мәселелері, инфрақұрылымның тозуы және қауіпсіздік мәселелері бар.
Тағы оқыңыз: Жеті жасар алматылық Сағынтаевқа ерекше ұсынысын айтып, жұртты таңғалдырды
Стратегияның екінші бөлігінде халықтың өмір сапасын жақсарту үшін қала билігі атқаруы тиіс нақты шаралар жазылған.
Қала тұрғындарының ұсыныстары мына жерде пікір ретінде қабылданады.
sputniknews.kz