Бақытжан Сағынтаевтың экс-күйеу баласы делінген Бақыт Ибрагим өлі күйінде табылды

0
Полиция марқұмға қатысты «өзіне қол салуға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kznews.kz   inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

«Аталмыш факті бойынша «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Бақыт Ибрагим Bank RBK қаражатын «алаяқтық жолмен жымқырды» деген күдікке ілініп, 2018 жылдың маусымында Германиядан экстрадицияланған болатын.

Айыпталған акционерді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін де тәркілеген.

2020 жылы қарашада сотталған Бақыт Ибрагимнің жазасы 7 жылға қысқарған.

Түрмеден босап шыққанына бірнеше ай болған акционер өлі күйінде табылды.

Айта кетейік, басылымдар Бақыт Ибрагимді Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы деп жазуда.