Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы өз өзіне қол жұмсады
Алматыда белгілі кәсіпкер Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Аталған факті бойынша өз-өзіне қол жұмсау туралы қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталады», — деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БАҚ беттерінде кәсіпкер белгілі шенеунік Бақытжан Сағынтаевтың экс күйеу баласы екені туралы жазылған.
2020 жылдың қарашасында кәсіпкер Бақыт Ибрагим 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған еді.