Бақытжан Сағынтаев тағы бір қызметке сайланды

0
287

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссия сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жалпы жиналыстың жұмысы барысында қауымдастық президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.

Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының — Еуразияның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) болып тағайындалған болатын.