Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал қаласында дүниеге келген. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітіріп, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы болып шыққан. Сол жылы Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы қызметіне кірісті. Ал үш жылдан кейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы және доцент болып, жұмыс істеді.

– 1992 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған;

– 1998 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

– 1999 жылы Қазақстанның шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;

– 2000 жылы «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы;

– 2001 жылы Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

– 2004 жылы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы;

– 2007 жылы премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі;

– 2008 жылы Павлодар облысының әкімі;

– 2012 жылы 20 қаңтар мен 24 қыркүйек аралығында Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі;

– 2012 қыркүйек пен 2013 қаңтар аралығында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары;

– 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстанның өңірлік даму министрі және премьер-министрдің бірінші орынбасары;

– 2014 жылы премьер-министрінің бірінші орынбасары;

– 2016 жылы Қазақстанның премьер-министрі;

– 2019 жылдың 1 наурызында мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды.

-2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз