Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтты

0

Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев айлығының мөлшері басқа әкімдердікіне ұқсас екенін атап өтті

Нұр-Сұлтан, 29 қараша – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша еңбекақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала басшысының мәліметінше, жалақысы басқа әкімдердікіне ұқсас.

«Айлығым басқа әкімдердікі сияқты. Еңбекақым – 950 мың теңге. Қолыма 700 мың теңгеден астам ақша аламын. Салыққа қанша процент ұстап қалатынын білесіздер. Табыс, әлеуметтік салықты алып тастаған кезде қолымда 750-760 мың теңге қалады. Бұл бір айда қанша күннің бар екеніне байланысты», — деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін журналистерге.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Сондай-ақ, Алматы басшысы баспасөз мәслихатында биыл мегаполисте орташа жалақы 220 мың теңгеден артқанын атап өтті.

Бұған дейін Сағынтаев отставкасына қатысты пікір білдірген болатын. 



sputniknews.kz