Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 1 наурызда Ақорда сайты хабарлады.
Бақытжан Сағынтаев 2016 жылы қыркүйектен 2019 жылдың 21 ақпанына дейін Қазақстан үкіметін басқарған. Қазақстан президенті Назарбаев биыл 20 ақпанда Сағынтаев басқарған үкімет жұмысын сынап, отставкаға жіберген. Оның орнына Сағынтаевтың бірінші орынбасары болған Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалған.
Бұрынғы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жаңа үкіметтің құрамына еніп, премьер-министрдің орынбасары болып бекітілген.