Бақытжан Бұқарбай: «Қазақтың намысына тиетін әрекет болды»
Президенттің баспасөз қызметі орыс тіліндегі сұхбатты «әлемдік аудиторияға арналған» деп ақталыпты. Бұл жауабы қисынға келмейді, өйткені:
1. Қасым-Жомарт Кемелұлының бірнеше шет тілін, соның ішінде ағылшынды судай білетінін жақсы білеміз. Егер мақсат шынымен әлемдік аудитория болса, ағылшын тілінде сұхбат беріп, видеоның астына қазақша және орысша субтитрлер тіркеуге болар еді. Бұл жағдайда халық ызалы болмай, дұрыс қабылдап, тіпті мақұлдаушы да еді.
2. Сұхбатты қазақша беріп, ағылшын тілінде субтитрлар жалғап қойса да әлемдік аудитория керегін алушы еді.
3. Сұхбатты қазақ тілінде беріп, ағылшынша субтитрлар ілмесе де, әлемдік аудитория түсіне алады, өйткені қазақшадан өз тілдеріне аударып алуға қауқары да, әлеуеті де жетеді.
Не болса да, дұрыс болмады. Қазақтың намысына тиетін әрекет болды. Былай да оңай болмай жатқан тұста президенттің бір ұпайын не үшін кеміту керегін түсіне алмай-ақ қойдым.