«Бақытты жандармыз» Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова

0

Мәдениет министірінің әнін қазақстандық белгілі әншілер орындап, бейнебаян түсірді

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Қазақстандық танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жазған әнін орындады.

Бұл туралы министр Facebook желісіндегі ресми парақшасында бөлісіп, әннің бейнебаянын да бірге жүктеген.

«Достарым, сіздермен «Бақытты жандармыз» композициясына түсірілген бейнебаянмен бөліскім келіп отыр», — деді Мұхамедиұлы.

Әннің авторы Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі екен, ал сөзін Асқар Дүйсенбі жазыпты.

«Шығарманы таныстыруды қажет етпейтін жас, дарынды, танымал әншілер Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова орындайды. «Бақытты жандармыз» сіздерге ұнайды деген үміттеміз. Жанға жағымды болсын!», — деп министрі бейнебаянды халық назарына ұсынды.



sputniknews.kz