«Бақытты етуге дайынбыз»: Мадина Сәдуақасова күйеуін туған күнімен құттықтады

0

Мадина Сәдуақасова жұбайын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады. Желі қолданушылары да әншінің отбасына жылы лебізін білдірген, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Бүгін өмірімді бір күнде өзгерткен жанның туған күні. Жаңа жасың құтты болсын, Олжам! Біздің үйде тек Әнуардың қаншаға келгені жайлы айтылады. Осыдан 9 жыл бұрын «Туған күнімдегі ең үлкен сыйым — сен және екеуіміздің үйлену тойымыз» деген едің. Әнуар екеуіміз әрдайым сенің жаныңдамыз және өміріңнің әр сәтін бақытты етуге дайынбыз. Бастысы — өзің аман болсаң болды», — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары да Сәдуақасованың отбасына бақыт тілеп, жарыса пікір қалдырды. «Махаббаттарыңыз баянды болсын», «Алла екі дүниеде де бақытты қылсын», «Көз тимесін», «Бақытты болыңыздар», — деп жазды желідегілер.