«Бақытты болыңдар»: Референдумға келген Назарбаев журналистермен тілдесуден бас тартты (видео)

0

Алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұңғыш президент «Астана Опера» театрында орналасқан 256-сайлау учаскесінде дауыс берді.

Журналистер одан қазіргі таңда қай елде тұрып жатқанын және қайда екенін сұрады. Ол тек халыққа жақсылық тіледі.

“Табысты болыңдар, бақытты болыңдар”, – деді бұрынғы президент.

Бұған дейін Тоқаевтың референдумда дауыс бергені айтылды.