«Бақытты болуыңды тілеймін»: Мақпал Жүнісова қызын туған күнімен құттықтады (видео)

0

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова жалғыз қызы Мерейді 20 жасымен құттықтап, желіде оған аналық ақ тілегін жолдады. Өнер иесі перзентінің көңілін көтеріп, оған түнгі он екіде ерекше тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында қызының туған күнінен видео жариялап, оған жүрекжарды тілегін жеткізген. Ол перзентіне бақыт тілеп, болашақта оның үйлену тойын дүркіретіп өткізуді армандайтынын айтты. Әнші жариялаған бейнежазбадан құшағына гүл шоғын басып тұрған Мерейді көруге болады. Ол өзіне тосынсый жасаған анасына алғысын айтты. «Қызым, 20 жасың құтты болсын. Гүлдей жайнап құлпырып, осындай көрікті қыз болып, ақылды қыз болып жүре бер. Болашақта сенің бақытты болуыңды тілеймін. Алла ұзақ ғұмыр берсін, жаным сол. Сүйгеніңе қосылып, болашақта сенің тойыңда Алла бүкіл туған-туысқанның басын қоссын», — деді әртіс.