Бақытты болудың басты 5 қағидасы


№ 1 ереже
Уақытты бос өткізу зор мүмкіндіктерді жоғалтуға итермелейді. Егер бақытты болғыңыз келсе қозғалыңыз. Қимылдаңыз, еңбек етіңіз. Ерініп жатпаңыз. Уақытыңызбен бірге мүмкіндіктеріңізді жоғалтпаңыз. Қызықты ісіңізді іздеп, өзіңізді дамытыңыз.
№ 2 ереже
Ашу мен жеккөрушілің сізді ішіңізден құртатын қасиеттер. Қиындықтар өздігінен кетпейді. Оның себептері мен салдарларын анықтау керек. Ішіңізге, жүрегіңізге үңіліңіз. Сізге кесірін тигізетін адамдардан іргеңізді аулақ салыңыз.
№ 3 ереже
Егер сіз үнемі өзіңізді аяп, бақытсыз күй кешіп жүрсеңіз өз-өзіңізді жеп тауысасыз. Өз-өзіңізді қолға алып, қимылдаңыз. Фтинес орталыққа жазылыңыз. Бассейнге барыңыз. Ерікті-еріксіз түрде сіздің көңіліңіз өзге дүниелерге бөлінеді. Сол кезде түпсанаңыз мәселенің шешімін табады.
№ 4 ереже
Сіздің көңіл-күйіңіз айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді. Сондықтан өз көңіліңізді өзіңіз көтеріңіз. Құрбыларыңызды, достарыңызды құшақтаңыз. Бұл сізді мейірімді ете түседі.
№ 5 ереже
Жалғыздық бақытсыздық емес. Сүйіктіңіз болмаса да бақытты әйел болуды үйреніңіз. Кез келген жағдайдан позитив іздеңіз. Еркіндіктің рахатын көріңіз.
Дереккөз: Сегодня
Дереккөз: http://reactor.inform.kz