Бақытгүл Хаменоваға шығарылған үкім өзгерген бе?
Сотталған Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары апелляциялық шағым түсірді. Бірақ нәтиже болмады.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамовқа қатысты апелляциялық істі Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы қайта қарады.
Рысқалиев пен Адамовқа қатысты үкім өзгертілді, ал Хаменоваға қатысты – өзгертусіз қалдырылды, өйткені үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз болған жоқ.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz