Бақытгүл Хаменова жаңа қызметке тағайындалды

0
111

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бақытгүл Хаменова Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болды

АЛМАТЫ, 13 наурыз – Sputnik. Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жаңа орынбасарды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов таныстырды, деп хабарлады өңірлік ATPress порталы.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бақытгүл Хаменова 2016 жылдың 24 наурызынан бастап парламенті мәжілісінің депутаты болды.

Бақытгүл Хаменова туралы не білеміз

Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Атырау қаласында 1981 жылы дүниеге келген. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

2001 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде аспирантурада оқыған.

2009 жылы Атырау мұнай және газ институтын «мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша бітіреді.

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті экономика және бизнес факультетінде бакалавр дәрежесін алған.

Қызмет жолы

1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы;

2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

2004-2005 жылдары «Рахат ТВ » Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті;

2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры;

2016 жылғы 24 наурыздан бастап – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты қызметін атқарған.



sputniknews.kz