Бақыт Сыздықова қатерлі ісіктен қалай емделгенін айтып берді

0

Қоғам қайраткері, мәжілістің экс-депутаты Бақыт Сыздықова онкологиялық дертпен қалай күрескенін айтып берді. Сол кезде дәрігерлер оған екі ай өмірі қалғанын айтыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бақыт Сыздықованың сөзінше, оған мұндай диагнозды 2005 жылы Мәскеуде қойған екен. Алайда бәрі одан бұрын басталыпты. Сол кезде дәрігерлер оған 2 ай өмірі қалғанын айтқан. 

«Онкологиялық клиникада төсегімнің жанында әпкем Розаның жылап отырғаны әлі есімде. Ол елордадан шұғыл түрде ұшып келген еді», — деп жазды Сыздықова Facebook желісінде. 

Ол сол кезде «Мен және қатерлі ісік деген үйлеспейтін ұғымдар» деген ой болғанын айтады.

Сыздықова сол күндері жолым болды деп санайды. Себебі руханиятқа қадам бастым, дейді ол. 

«Мен Сара Алпысқызымен бірге еңбек еттім, Қазақстанның бірінші ханымының кітапханасындағы рухани6 дұрыс кітаптарды оқыдым. Дұғаның, қасиетті орындардың не екенін түсіне бастадым. Барлық жағдайға дұрыс қарап, мұңаймауды үйрендім. Менің жер бетінде керек не керек емес екенімді Құдайдың шешетініне жан-жүрегіммен сеніп, өзімнің адам екеніме, демек кез келген дерттен күшті екеніме сендім», — деп жазады ол. 

Экс-депутаттың сөзінше, сол кезде көптеген жоспары болыпты. Ол уақытта Сыздықованың тұрмыс құрғанына біраз болған, сонымен қатар бірнеше жауапты қызметке келген. Ол парламентте, «Нұр Отан» партиясында, балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиетте қызмет еткен. Сонымен қатар КВН-нің жүгін арқалаған-ды. 

«Мен балаларым, яғни «Астана.kz» КВН командасынан чемпион жасауым керек болды. Жалғыз қалдыра алмайтын қатарластарым мен шәкірттерім болды», — деп еске алады Сыздықова. 

Өз жазбасында ол бойындағы ауыр дерт туралы бірнеше адамның ғана білгенін айтады. Қатерлі ісікке шалдыққанын ата-анасы мен күйеуі білмепті.

«Жұмыс күнінде шыдап бағуға тырыстым. Ал түскі ас кезінде қатты ауырып, жұмыс кабинетіндегі диванда жататынмын», — дейді ол. 

Сыздықова осындай жағдайына қарамаста іссапарларға аттанып, форумдарға қатысып, заңдардың жазып, КВН командасын алға тартып, отбасы пен достарын ұмытпағанын еске алады. 

«Бос уақытымда қатерлі дерттің құрсауынан өзімді «сүйреп шығаратынмын». Дерт туралы алғашқы күдіктер пайда болғанда, тексерілу үшін Мәскеуді таңдағаным есімде. Себебі Қазақстанда менің дертімді білгенін қаламадым. Оны құпия сақтағым келді. Арада көптеген жыл өткеннен кейін бәрін ашық айтуға бел будым», — дейді Сыздықова. 

Сонымен қатар экс-депутат қатерлі дерттің «жасарып келе жатқанына» алаңдаулы. Ол өзінің дертінен айығуы оқиғасы өзгелерге үміт сыйлайды деп үміттенеді. 

Бақыт Сыздықова 2009 жылы түскен суретін көрсетті. Оның сөзінше, осы суреткен түскеніне екі ай өткеннен кейін дәрігерлер оған дертінен сауыққанын айтады. 

stan.kz