Бақыт Сұлтанов: Астана — тарихы бай жас елорда — Ел жаңалықтары

0

Астаналық зиялы қауым Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын талқылады, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бейсенбіде Ұлттық кітапханада Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылаған жиын отырысы болды. Жиынның жұмысына белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, жастар ұйымы мен белсенді азаматтар қатысты.

Өз сөзінде Астана әкімі Бақыт Сұлтанов республиканың елордасы ретінде Астана қаласының дамып қалыптасуына қосқан Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап өтті.

«Астананы ауыстырғаннан кейін келесі жылдың өзінде ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» премиясы берілген болатын. Ал бүгін өзінің 20 жылдығын тойлап жатқан Астананың әлемнің ең алдыңғы қатардағы қалаларының сапына кіретін негізі бар. Осы жылдарға дейін елорда өзінің негізгі әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудағы көрсеткіштерінде тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетті. Өзінің 20 жылдығында Астана барша әлемге танымал және жаһандық масштабта маңызды диалог алаңы ретінде мойындалған әдемі және заманауи мегаполиске лайық бола білді», — деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ Сұлтанов елорданың қазіргі заманауи тарихы ғана емес, көне дәуірлердегі тарихының барын да айта кетті.

«Мемлекет басшысы өзінің мақаласында заманауи ұрпақтың өзінің ұлттық тарихын барлық көп қыры мен көп өлшемді жағынан қабылдап, түсінуі маңызды екенін ашып айтты», — деді ол.

Қазақстанның бас қаласының әкімі елорданың жас мөлшері «айтарлықтай жас» болғанына қарамастан, Астананың Ұлы Жібек жолының жарқын жалғасы екенін, қалада «бұрынғы, қазіргі және болашақты байланыстырып тұрған тарихи территорияның» негізі қаланғанын, себебі дәл осы жерде орта ғасырда Бозоқтың орналасқанын» еске сала кетті.

«Қаланың басты белдеуінде тұрған Бозоқ елорданың киелі орындарының арасында ерекше орын алады, сол себепті біз оның тарихи маңызына мән беріп танымал етуге көп көңіл бөлудеміз», — деп жалғастырды Сұлтанов.

Оның айтуынша, әкімдік Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, тарихи-мәдени кешен құру бойынша жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Осыдан кейін Бозоқ халықаралық деңгейдегі мәдени-туристік және ғылыми-зерттеу орталығына, ежелгі Еуразия даласындағы археология-этнографиялық жәдігерлерді зерттеуге арналған ғылыми-әдістемелік базаға да айналады.

«Сонымен қатар, біз Бозоқ қалашығының виртуалды шындықтың қосымша элементтері мен археологиялық қазбалар сериясынан 3D-үлгісін жасау бойынша жобаны іске асыруды бастадық. Жобада орта ғасырдағы орталық Қазақстан халқының мәдениетін ұсынылады.Бұл орта ғасыр кезеңіндегі тарихи жәдігерлермен жақын танысқысы келетіндерге зор мүмкіндік береді», — деді Сұлтанов.

Астана әкімі бұдан басқа бүгінде Астананың тәуелсіз Қазақстанның тек қана символы емес, Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» идеясының түп негізі екенін де айтып өтті.

«Бүгіннің өзінде Мемлекет басшысының тарихи еркінің арқасында оны қазақстандық сәйкестіктің «Негізін қалаушысы» деп толығымен атауға болады. Соның арқасында біздің тәуелсіз еліміз бен заманауи тарихымыздың негізі жатыр. Әлемдік қауымдастықтың Астананы мойындауы, оның саяси даналығы мен тарихи миссиясының жарқын көрінісі», — деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.