Бақтияр Эюбов алғаш рет нокаутпен ұтылды – видео

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1073/43/10734393.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/sport/20200111/12515584/boks-nokaut-video.html

Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды. Бақтияр Эюбов екі рет нокдаунға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) қатарынан екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Sports.kz. Бұған дейін ол АҚШ боксшысынан ұпай санымен ұтылған болатын.

Айнала қан болды: ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді – видео

Атлантик-Сити қаласында (АҚШ) 33 жастағы қазақстандық бірде-бір рет жеңілмеген америкалық Джарон Энниспен (24-0, 22 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жекте Эннис техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бар-жоғы төрт раундқа созылған кездесуде қазақстандық екі рет нокдаунға түсті. Бұл жекпе-жектің үзіндісін төменде көруге болады.  

Эюбовтың бұл кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісі: алдыңғы жекпе-жекте ол тағы бір америкалық Брайан Себальоға (11-0, 6 КО) төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.

Ал Эннис 23-рет нокаутпен ұтты. Ол 25 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.



sputniknews.kz