Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды

0

2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бокстан мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы Astana Arlans жартылай кәсіби бокс клубының ресми парақшасында жазылды.

Бұған дейін бокстан ҚР ұлттық командасының координаторы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Болат Әбдірахманов болған еді.

Бақтияр Ғарифоллаұлы 1983 жылы Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген.

2009-2011 жылдары Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарды.

2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.