БАҚ: Түймебаев бастаған бірнеше шенеунік мемлекетке қарыз болып шықты — новости Казахстана

0

Салық қарызын төлемегендердің арасынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ірі шенеуніктері де табылды. Олардың арасында облыс басшысы Жансейіт Түймебаев та бар деп хабарлайды Отырар арнасы.

Фото: qamshy.kz

Фото: qamshy.kz

Мемлекеттік кіріс комитетінің салық төлеушілер ашық базасына сілтеме жасаған телеарнаның мәліметінше, Түркістан облысының әкімі мемлекетке 2 468 теңге қарыз. Яғни шенеунік автокөлік салығын төлмеген.

Тізімде облыстық мәслихат депутаты Қайрат Балабиев та бар. Ол бюджетке 6 450 теңге қарыз. Халық қалаулысы жеке тұлғалардың мүлік салығы және жер салығын төлемеген.

Мемлекетке қарыз тұлғалардың арасында облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындвқовтың да есімі аталды. Оның салық қарызы 4 142 теңге.

Тізімді Полиция департаментінің басшысы Ерәли Жұмаханбетов және Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков жалғастырды. Олар бюджетке мүлік салығына 237 және 616 теңге қарыз екен.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz