БАҚ-та Челах өзіне қол салды деген ақпарат тарады: ІІМ түсініктемесі — Қазақстан жаңалықтары

0

Владислав Челах өзіне қол салды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Челах

Бұл туралы ІІМ-нің қылмыстық-орындаушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми ақпараттарға сәйкес, Владислав Челах Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы «Қара бүркіт» арнайы режим түрмесінде жатыр. 

«Бұл ақпарат жалған. Челах тірі. Ол «Қара бүркіт» түрмесінде жазасын өтеуде, жағдайы қанағаттандырарлық», — делінген ресми хабарламада. 

Сондай-ақ Tengrinews.kz редакциясының тілшілері Челахтың атасынан осы жайтқа байланысты пікірін біліпті.

«Оның жағдайы жақсы. 15 наурызда немерем кездесуге барамыз. Бүгін ол қоңырау соғуы керек. Айтылып жатқандардың барлығы қауесет, мұндай сөздер осымен нешінші рет шығып жүр», — деді Челахтың атасы. 

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Челах өзіне қол жұмсаған, қазір Челахтың орнына оның сыңары отыр деген ақпарат тарай бастады. 

stan.kz