БАҚ: Қазақстан чемпионын көмір кезегінде тұрғанда өлтірген — новости Казахстана

0

Семейде қазақстандық белгілі спортшы Жасұлан Әбиевті өлтіріп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстан чемпионын көмір кезегінде тұрғанда өлтіргені белгілі болды

Жасұлан Әбиев. Фото: instagram

Куәгерлер дзюдошы жігіттің Қаражыра көмір кенішінде қаза тапқанын айтады.

Басылымның мәліметінше, көмір алуға кезекке тұрған екі жігіттің арасында жанжал шығыпты. Нәтижесінде, ауыр бас жарақатын алған Жасұлан ажал құшқан.

ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған «Semeyainasy» ақпараттық агенттігі спортшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын жазады.

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, күдікті қолға түскен. Ол Семейдің 24 жастағы тұрғыны болып шығыпты. Азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетерлігі, марқұм болған Жасұлан Әбиев Қазақстан чемпионы болған. Ол бірнеше мәрте спорттық жарыстарда топ жарып, ел намысын қорғаған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізге белгілі 33 жастағы спортшы жігіттің көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар