БАҚ Головкин-Альварес үшінші жекпе-жегінің қай күні өтуі мүмкін екенін біліп қойды — новости Казахстана
Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) ресми сайтында 2019 жылғы жоспарларға қатысты қызықты ақпарат жарияланды деп хабарлайды vesti.kz.
Сайттағы жоспарлар кестесінде келер жылдың 4 мамырнда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші өтетіні көрсетілген. Ал шараны ұйымдастырушылар Golden Boy Promotions және GGG Promotions компаниялары, трансляциялаушы DAZN стриминг қызметі екен.
Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде кімдердің жұдырықтасатыны белгісіз. Алайда жоғарыда аталған компаниялар Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің ісін жүргізеді.
Болжам бойынша, промоутерлер орынды алдын ала брондап қойған болуы мүмкін. Себебі қос мықтының алдынғы екі жекпе-жегі де сол аренада өткен.
Дегенмен NSAC күнтізбедегі жоспарлар әлі нақты емес және кейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.