БАҚ: Бразилия президенті коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бразилия президенті Жаир Болсанару коронавирусқа тап болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болсанару и Трамп

Бұл туралы бразиялық басылымдар жаппай жазуда. БАҚ ақпаратына сәйкес, Болсанару коронавирусқа жасаған сараптамасы оң нәтижелерді көрсетіпті. Десек те президенттің әкімшілігі бұл ақпаратты растамаған. 

Еске салайық, Бразилия президенті әріптесі АҚШ басшысы Дональд Трамппен 7 наурыз күні кездескен. Алғашқыда Болсанарудың қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Фабио Вайнгартен коронавирус шалдыққаны анықталып, артынша Бразилия басшысы да індетті жұқтырғаны белгілі болған. Атап өтерлік жайт, Болсанарудың кеңесшісі де Трамппен қол алысып, кездескендерің бірі көрінеді. 

 

 

stan.kz