БАҚ ақпаратты бұрмалады: Нұр-Сұлтан соты бас судья Барпибаевтың Германияға барған ұшағы туралы мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі судья Тілектес Барпибаевтың чартерлік рейспен (бизнес-джетпен) ұшуына байланысты мәлімдеме жасады. Өз кезегінде соттың баспасөз қызметі «бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер фактілерді толығымен бұрмалады» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

«Қалалық сот, азамат К.К., Барпыбаевтың кәсіпкері және құдасы екенін және отбасымен бірге Германияға кетуге шешім қабылдағаны жайлы біледі. Ол жерде жоспарлы медициналық операция жасамақ болған. 2020 жылдың 27 ақпанында К.К «Caropan Company SA-мен» келісіп, «ұшақты 2020 жылдың 28 ақпанында және 12 наурызында ұшу үшін жалдаған», — деді сот.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, К.К. чартерлік рейсті пайдаланды, өйткені оған рейс кезінде отыруға рұқсат етілмеді, тек жатуға рұқсат етілген.

«Ұшақ 28 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан ұшып шықты. Оның бортында Қ.К.-ның келіні — А.Е., оның екі немересі, 2017 және 2018 жылдары туған және азамат М.А., 3 экипаж мүшесі, сонымен қатар Барпибаев және оның әйелі болды» — деп хабарлайды сот.

Барпибаевтың айтуынша, оған жолаушы болу ұсынылған, өйткені ұшақта бос орындар болғандықтан және ол сол бағытта ұшатын болған.

«Барпибаевтың демалысқа шығуы жайлы бұйрық 28.01.2020 жылы шыққан. Өз мәлімдемесінде Барпибаев медициналық тексеруден өту үшін шетелге шығуды жоспарлап отырғанын көрсетті», — деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

12 наурызда азамат К.К. отбасымен бірге сол чартерлік рейспен Қазақстанға оралды. Барпибаев шетелде қалып, онда медициналық мекемеде емделуде.

Соттың баспасөз қызметі Барпибаевтың диагнозын нақтыламады, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Германияда ол коронавирус жұқтыруы мүмкін деп хабарланған болатын.

Әуе кемесінің командирі сұхбатында бортта вирус жұқтырғандармен байланыс болуы мүмкін және коронавирусты жұқтыруы мүмкін деп ескерткенін айтты.

stan.kz