БАҚ: «Аэрофлот» ұшағы бағытын өзгерткен

0

Ресейдің Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Аэрофлот» әуе компаниясының Сургут қаласынан Мәскеуге шыққан ұшағы бағытын өзгерткен. Агенттіктің авиадиспетчер қызметіндегі дереккөзі қаруланған жолаушылардың бірі экипаждан ұшақты Ауғанстанға қарай бағыттауды талап еткенін айтқан.

Ресейдің құзырлы органдары бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

РЕН-ТВ дерегінше, ұшақта 70-тен астам адам болған. Олардың бесеуі — бала, жетеуі — экипаж мүшесі.

FlightRadar сервисіндегі дерекке сай, Сургуттан Мәскеуге ұшып шыққан SU1515 рейсі бағытын өзгерткен және Ханты-Мансы қаласына бағыт алған.

Сургуттан Мәскеуге ұшып шыққан "Аэрофлот" ұшағының жолы.

Сургуттан Мәскеуге ұшып шыққан «Аэрофлот» ұшағының жолы.

«Аэрофлот» әуе компаниясы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартып, Ұлттық антитеррор комитетіне хабарласуды сұраған.

Дереккөз: Азаттық