Банк қызметкері қазақстандықтарды 35 миллион тенгеге алдап кеткен

0

Аягөзде банк қызметкері клиенттерге тауарлық кредиттер ресімдеп, ақшаны өз шотына аударып алған. Ол үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиғаның егжей-тегжейлері Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде (ҚАЖД) айтылды.

Пробация қызметінің бастығы Аягөз Ермек Қалиевтің айтуынша, қаланың 24 жастағы тұрғыны банк қызметкері бола отырып, банк клиенттеріне тауарлық, ақшалай кредиттер ресімдеген.

«Қыз несие алуға онлайн өтініш берген. Қажетті соманы рәсімдеп, ол ақшаны өзінің банктік шотына аударады, ал клиенттерге несие беруден бас тартылғанын хабарлайды. Қала тұрғындарына 200 мыңнан 2 млн теңгеге дейінгі сомаға тауарлық кредиттер ресімделген. Осылайша, қыз Аягөздің 29 тұрғынын алдап, оларға жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірді», — деді Қалиев.

Сот оны ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп тауып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

фото: ашық ақпарат көздерінен