Банк қызметкері 87 миллион теңгені қымқырып, шетелге қашып кетті

0

Тергеушілер күдіктінің 12 қараша күні Ресеймен шекараны кесіп өткенін анықтады. Оны қамауға алуға санкция берілді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді.  

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция банктердің бірінің Жітіқарадағы филиалынан ірі көлемде ақша ұрлау фактісі негізінде қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тағы оқыңыз: Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін бес жарым миллион теңге ұрлаған

Банк қызметкері сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлап, бой тасалады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Алау.

Тергеушілер күдіктінің 12 қараша күні Ресеймен шекараны кесіп өткенін анықтады. Қазіргі таңда оны қамауға алуға санкция алынды, ұстау шаралары қабылданып жатыр.   



sputniknews.kz