Bank of America мұнай бағасы барреліне 100$ дейін көтеріледі деп болжайды — БАҚ
Bank of America (BofA) Global Research мұнай бағасы 2022 жылы барреліне 100 долларға дейін көтеріледі деген болжам айтты, деп хабарлады Reuters.
«BofA Global Research 2022 жылы мұнайдың ұсынысы мен сұраныс балансының қысқаруы мұнай бағасын барреліне 100 долларға дейін өсуі мүмкін деп айтып, Brent маркалы мұнай бағаларына осы жылға және келесі жылға болжамдарын көтерді», — делінген хабарламада.
Банк әлемдік мұнайға сұраныстың тұрақты қалпына келуі алдағы 18 айдағы ұсыныстың өсуінен озып, қорды одан әрі азайтып, мұнай бағасының өсуіне жол ашады деп санайды.
Банктің бағалауы бойынша, 2022 жылы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне орта есеппен 75 доллар болады.
«Банк америкалық тақтатас мұнайының бұл бағаның өсуіне өндірісті ұлғайту арқылы жауап беруі мүмкін екенін және 2023 жылға қарай Brent маркалы мұнайдың бағасы орта есеппен бір барреліне 65 долларға дейін төмендейтінін атап өтті», — деп хабарлайды басылым.
Сонымен бірге, алдағы уақытта мұнай нарығында дефицит пайда болуы ықтимал, бұл алдағы алты тоқсанда тәулігіне 0,9 миллион баррельді құрайтын болады деп атап көрсетілген.
BofA тұтыну өсімі биыл және келесі жылы тәулігіне 5,6 млн және 3,6 млн баррельге дейін өседі деп күтеді, бұл кем дегенде 1970 жылдардан бергі ең жылдам қарқын.
«Банк алдағы айларда сұраныс тез қарқынмен қалпына келетінімен, ОПЕК-тің + резервтік қуаты мен Иранның мұнай экспортын қайта бастауы биылғы жылы мұнай бағасын шектейтінін ескертті», — делінген хабарламада.