«Бандиты» туралы даулы видеодан кейін ІІМ академиясына жаңа басшы тағайындалды

0
«Бандиты» туралы даулы видеодан кейін ІІМ академиясына жаңа басшы тағайындалды


ҚР ІІМ-нің Қарағандыдағы академиясына Ақынқали Дәрменов жаңа басшы болып келді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. 1978 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, 40 жастағы Ақынғали Дәрменов – Қостанай облысының тумасы. Алматыдағы ІІМ заңгерлік институтының түлегі болып табылады. ҚР ІІМ адъюнктурасын тәмамдаған, заң білімдерінің кандидаты. 2008 жылы Германияда Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығында оқыған. 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде білім алған.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тарады.

«Антибиотиктің сөзіне қосыламын. Біздің достығымыз риясыз болсын. Біз әрекеттерді жай ғана жасай салдық, себебі біз бауырмыз. Өрескел тілмен айтсақ- банда! Қазақстан және біздің отбасыларымыз өркендесін. Ура, жолдастар!»,- деп ер адам айтқан болатын.

Ал академияның бұған дейінгі бастығы полиция генерал-майоры Д.Кенжетаев ішкі істер органдарынан босатылды.